О нас | Форум | Карта сайта |
Добавить в избранное | Сделать стартовой
 
Мир женщины
Семья
Здоровье
Обучение и карьера
Кулинария
Уютный дом
Красота
Интервью
Фитнес
Беременность
Планирование
Беременность
Роды
Послеродовой период
Детки
Кроха (0—1)
Карапуз (1—3)
Сорванец (3—6)
Здоровье
Питание
Воспитание
Родителям на заметку
Литература для детей

     


  
Сайт для родителей  »  Детки  »  Кроха (0—1)  »  Уход  »  Версия для печати

Қолдан түспейтін бала

Жас сәбиге анасының немесе әжесі бар, кез-келген жақын адамының жылуын тұла бойымен сезіну аса қажет. Қарны тоқ болса да, ересек адам қолына алмайынша тыншымайтын нәрестенің мінез-құлқы осыны аңғартса керек

Үлкендер: «Жаңа туған нәресте­ні көтере беруге болмайды, ана­сы­ның иісін алған бала жылауық болады дейтін». Алайда, немересін бе­сігінде, болмаса алдына алып тер­бе­тіп өсіретін әжелер жас босанған ана­ның жұмысын жеңілдететін. Үлкен отбасының мүшелері кезекпен көте­ріп жүрген бөбектің қанша ұйықтап немесе жылағаны байқалмайтын да. Соның арқасында анасының уақыты үйішілік жұмыстар мен келімді-ке­тімді қонаққа да, емізулі бөпесіне де жетіп артылатын еді. Ал, айналасын танып үлгермеген жаңа өмір иесіне жақын адамдардың жылылығы мен махаббатын сезіну қаншалықты ма­ңызды?
Ұйықтау мен емуді ғана білетін өбектің үш айлығында танымдық ке­зеңі басталады. Әлі отырып, айна­ласына еркін қарай алмайтын сәби­дің жалғыз мүмкіндігі — үлкендердің көтергенін күту.
Нәрестенің даму кезеңі мынадай маңызды сәттерді ұмытпауды талап етеді:
• Әлеуметтік қалыптасу, демек бұл кезеңде үлкендердің сәбимен сөйлесіп, қарым-қатынаста бо­луы өте маңызды;
• Импринтинг — дүние есігін аш­қан алғашқы минуттарда ба­ланың есінде сақталатын кө­рі­ністер;
• Сезімталдығының артуы — бө­бекке тек жақсы көңіл күйін сый­лау керектігі;
• Жайсыз көңіл күйдің бала пси­хикасының тежелуіне әке­ле­ті­нін;
• Зияттылық дамуы — баланы жа­ңа да жақсы әсерге бөлейтін жағ­дай жасау;
• Ақпараттардың біртіндеп күр­деленуін қадағалау.
Бөбегіңізді қолыңызға алғанда оның дамуы үшін ең маңызды сипап-се­зі­ну үдерісін қалыптастырасыз. Си­пап-сезіну арқылы миға баратын бел­гі, ана құрсағында жатқан сә­би­дің 5-6 аптасынан бастап, өзге се­зім мүшелерінен бұрын дамиды. Ал, сипап — сезу нүктелері ағзаның бел­гілі бөлігінде ғана емес, тұтас тұла бойында орналасқан. Әсіресе, сау­сақ­тарының ұшы мен ерінінде, иығы мен арқасы, санынан орын тепкен бұл нүктелер, жақын адамның жы­лы­лығын сезінгені жайында бірден миына хабар береді. Сондықтан, ба­ланың қасына келіп, баппен қо­лы­ңызға алып, емізіп, ақырын тер­бете отырып айтқан әніңізден ба­ла­ның күші толыға түседі. Әлбетте, сә­бидің жылап, шаршағанынан гөрі ай­на­ла­сын танып, бақылай алатын сәттері әлдеқайда пайдалырақ.
Баланы қолыңызға алып, ақырын айнала жүріп, баяу ғана жоғары-тө­мен, алға-артқа билей жасаған қи­мыл­дарыңыз — сезім мүшелерінің да­муына септігін тигізеді.
Анасының айтқан сөздерінен ба­ланың өзіндік сөйлеу мәнері қа­лып­тасады. Құрсақта жатып естіген таныс үн иесінің көңіл күйін ажыратып үй­ренеді.
Баласын қолына алып әндетіп жүр­ген жас ананың жаны жұбанып, босанғаннан кейінгі күйзелістен де арылады.
Шала туылған нәрестелер анасы­ның жылуы мен демі арқылы тыныс алуын қалыптасырып, қатарластарын тез қуып жетеді.
Бірнеше апталық нәрестені бар ма­хаббатыңызбен елжірей кө­тер­ге­ні­ңіз — орынсыз еркелікке үйре­ту де­ген сөз емес. Кішкентай ғана бө­бек­тің ыңғайына көніп, қажетінше баптауды бір жасқа толғаннан кейін ғана сәл ширатуға болады. Ал, бала­ны тым еркелетпей, анасы тек емізе­тін немесе жаялығын ауыстырар кез­де ғана қолына алу керек деген пі­кірдің мынадай сырлары ашылды:
Біріншіден, анасының махаббаты­на қана алмаған сәбиде жылылық пен мейірімділік қалыптаспай, үлкейген­де де сол самарқау күйінен ажырай алмай жүреді;
Екіншіден, құрсағында жатып, үнемі бірге жүрген жылылықты із­дейтін сәби жаялығы таза, қарыны аш болса да, анасынан алыстауға әлі дайын еместігін білдіріп, әдеттегі жылаудан өзгешелеу дауыспен жы­лайды. Баланың жиі жылап, көңіл күйінің бұзылуы жүйкесіне жақсы тимейді;.
Үшіншіден, махаббатын сыртына шығармай, салқынқандылық таныту балаға берілер жақсы тәрбиеге негіз бола алмайтынын да түсінуіңіз керек.

САҚТЫҚ ШАРАСЫ
Жас ананың үйішілік шаруасының көп болатыны белгілі. Күнделікті қайталана беретін бірізді күйбең тір­ліктен бала тәрбиесі әлдеқайда ма­ңызды екенін ұмытпаңыз. Ал, өзге шаруаға қашанда жақын сіңлілері­ңіз бен қайынсіңлілеріңізді шақыра аласыз. Сізге көмегін бере жүріп, өз­де­ріне де тәжірибе жинауға мол мүм­кіндік емес пе?
Сонымен, баланы қолыңызға алып, мейірлене иіскеудің пайдасын тү­сін­сеңіз, енді қалай дұрыс ұстау ке­ре­к­тігін де айта кетейік. Әлі ше­мір­шек­тері қатаймаған, әлжуаз буын­да­рына зақым келтіріп алмау үшін дұ­рыс ұс­тау керек. Мойыны бе­кіп үл­герме­ген 2-2,5 айлық кезінде, одан кейінгі уа­қытта да баланың ба­сын қолыңызбен демеп ұстаңыз. Жат­қыза көтергенде, баланың шүй­десі шынтағыңызға таяу, арқасы бі­легіңізде жатсын. Ал, жам­басы мен саны алақаныңызбен демеп ұстауға да ыңғайлы, түзу жат­сын. Екбетінен ұстағыңыз келсе, бі­легіңізге ішімен жатқызыңыз. Басы шынтағыңыздың бүгілген тұсына дөп келіп, қолыңыз­бен аяқтарының ара­сынан ұстағаныңыз дұрыс. Ал, еміп болған бөбектің ішіне жиналған жел­ді шығару үшін тігінен ұстайтыны­ңыз және белгілі. Өзіңізге қарата ұста­ған тәттіңіздің арқасы мен басын сүйеңіз.
Бала өскен сайын салмақ қосып, әр­лене түседі. Қолыңызға салмақ тү­сіп, шаршамас үшін «беби-слинг» не­месе «кенгуру» секілді көмекшілерді пайдаланған дұрыс. Алайда, баланы көтеруге қаншалықты ығңайлы де­сек те, 40 минуттан артық бір қа­лыпта ұстауға болмайды. Себебі, әлі қалыптасып үлгермеген тірек-қимыл жүйесі зардап шегуі мүмкін. Кез-келген затты мөлшерімен іске асырса ғана пайдалы, артық кетсе зиян бо­латынын ұмытпаған жөн.

САҚТЫҚ ШАРАСЫ
Балаңызға деген жылуыңызды, ана­лық махаббатыңызды ашық білдіруге үйреніңіз.
1-2 жасқа келгенде өздігі­нен жүре алатын сәбиді бұрынғыдай кө­те­рудің еш қажеттілігі жоқ. Тек ұзақ серуеннен шаршап қалған кез­дер­де әкесінің мойынына мінгізгені не­месе анасының қолына көтергені еш артықтық етпейді.
Аналарымыз арқасына көтерген ба­ла­қанын сақтықта қорлық жоқ де­гендей жылы орамалымен жау­ыры­нына таңып байлап алатын. Бұл ба­ла­ның белі қайырылып кетпеуіне және жаурамауына кепілдік. Әжесі­нің немесе анасының жып-жылы ар­қасында, ыстық құшағында қамсыз-мұңсыз өскен баланың өзгелеріне қа­рағанда сау-саламат, мықты азамат болатынын ғылым да дәлелдейді.

"Бопем" журналы, №8 (01) қаңтар 2012


 

Не нашли ответ на свой вопрос? Спросите у эксперта. Онлайн консультации.
  



ЗАЙКА
Модная детская одежда, обувь, аксессуары и игрушки
Алматы
Магазин Кiрiнiз
Еженедельно новое поступление в отделе "Домашний доктор". Новинка недели - бандаж для лечения пупочной грыжи у малышей!
Талдыкорган
Детский сад и мини-клуб «Керемет»
Подготовка к школе, языки с 4-х лет, группы с 2-х лет. Бесплатное пробное занятие!
www.keremet.com.kz
Алматы
Детский центр искусств "Браво"
Развивающие, творческие, комплексные и спортивные занятия для Вас и ваших детей.
тел:327-33-58,239-55-43
Алматы
Клиника «Астана ЭКОЛАЙФ»
Клиника репродуктивных технологий и ЭКО-оплодотворения. Мы помогаем!
www.ecolife.kz
Астана
Детский сад Kinder Land

Детский сад Kinder Land – доброе начало! Уютный детский сад для детей от 2 до 7 лет, расположенный в экологически чистом районе.

www.kinder-land.kz
Алматы

Агентство по подбору персонала в семьи и организации
Няни, домработницы, повара, логопеды, психологи, репетиторы. Курсы для нянь.
Алматы
ТОЧКА РОСТА - детский центр интенсивного развития от 1 года до 16 лет

Самый широкий ассортимент развивающих курсов и кружков – от раннего развития до подростковых тренингов.

ТРК «Глобус», 1 этаж


www.tochka-rosta.ru

Посмотреть все рекламные объявления

[ Разместить рекламное объявление ]

30 000 тенге за 6 месяцев,
или 40 000 тенге за 12 месяцев.




Раскраски

Веселое видео


Посмотреть все видео

  
Электронная почта:
info@detki.kz
По вопросам рекламы:
reklama@detki.kz
ICQ:
303129529


Рейтинг@Mail.ru .